Бұл бөлімде сіз ең маңызды және жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Бірінші нұсқасы: Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша ӘМСҚ жеткізушілер тізімінен емхананы таңдай аласыз. Емханаға өзі келген кезде бас дәрігердің атына еркін түрде өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету керек.
Екінші нұсқасы: электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы "Медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызметін алуға электрондық өтінімді жібере аласыз. Сізге порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту қажет. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ болуы). Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімі) бекітілгені туралы өңделген анықтамамен танысу қажет.
Маңызды: егер сіз емханаға аумақтық қолжетімділікті есепке алмай бекітілсеңіз, сіз дәрігердің үйде қызмет көрсету мүмкіндігін жоғалтасыз

Дәрігердің қабылдауына қалай жазылуға болады?
Сіз дәрігерге бірнеше жолмен жазыла аласыз. "Байланыс деректері" қойындысында көрсетілген телефондар бойынша тіркеу орнына қоңырау шалу, өзі жүгіну немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін алуға www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық өтінім беру арқылы.
Сондай-ақ, сіз DamuMed мобильді қолданбасы арқылы жазыла аласыз, оны алдын ала PlayMarket немесе App store-дан жүктеп, тіркеле аласыз.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру медициналық көмегіне кеңейтілген қолжетімділік алады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер белгілі бір аурулар болған кезде халық ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алуға сенім арта алатынын регламенттейді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген нозологиялар мен қолжетімді дәрілердің тізбесімен мына жерде танысуға болады.
Бүкіл процесс қалай жұмыс істейді? Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектерге өтінімдерді қалыптастырады, жергілікті денсаулық сақтау басқармалары бюджет шеңберінде осы қажеттіліктерді бекітеді, осыдан кейін – Бірыңғай дистрибьютор — "СК‑Фармация" ЖШС қажетті препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүргізеді және оларды медициналық ұйымдарға жеткізеді. Пациент қажетті дәрілік затты немесе медициналық бұйымды алғаннан кейін ғана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дәрілік қамтамасыз ету үшін "СК-Фармация" ЖШС-ке ақы төлеуді жүргізеді.
Айта кетсек, биыл Қор алғаш рет ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығының негізінде валюталық ауытқуларға және тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты "СК-Фармация" ЖШС-мен жасалған шарттар сомасынан 100% алдын ала төлем жасады. Бұл Бірыңғай дистрибьюторға 2020 жыл ішінде жеткізілген дәрілік заттарды жеткізушілер мен өндіруші зауыттарға аванстық төлем жасауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттар тізбесін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге қосымша мынадай нозологиялар енгізілді:
2020 жылдың шілдесінде қолжетімді тегін дәрі-дәрмектердің тізімі коронавирустық инфекцияны қамтумен толықтырылды. Оның болуы кезінде пациенттер қызу басатын дәрі-дәрмектер және қанның ұюына қарсы дәрілер ала алады.
Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді алу үшін бекітілген жердегі емханаға бару қажет, онда дәрігер науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазып береді.
Егер сіз көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз, медициналық персонал тарапынан дөрекілікке, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз:
- +7 771 0507047 нөмірі бойынша пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметіне жүгіне аласыз
- Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығына жүгіне аласыз: 87172-55-68-23
- Qoldau 24/7 қолданбасында өтінім қалдыра аласыз. Сіздің Qoldau 24/7 жүгінуіңізден кейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық ұйыммен хабарласады және қызмет көрсету сапасын тексереді, егер сіз қандай да бір себеппен оны алмаған болсаңыз, олар бас тарту себебін анықтайды. Барлық өтініштер тіркеу нөмірін берумен тізілімге енгізіледі, осының арқасында өтініштің мәртебесін қадағалауға болады.
- @SaqtandyryBot Telegram-ботында өтінім қалдыра аласыз. Ол үшін негізгі мәзірде "1406 нөміріне хабарлама жіберу" пәрменін таңдау керек. Өтінімде мәселенің мәні, сондай-ақ аймақтың және медициналық ұйымның атауы қамтылуы керек.
- Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне аласыз. Қазақстанның барлық аумағында ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.
Дәрігерді үйге "Байланыс деректері" қойындысында көрсетілген телефондар бойынша тіркеу орнына қоңырау шалу немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін алуға электрондық өтінім беру арқылы шақыруға болады. Сіз DamuMed мобильді қолданбасы арқылы жазыла аласыз, оны алдын ала PlayMarket немесе App store-дан жүктеп, тіркеле аласыз.
Сіз мобильді бригаданы Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы шақыра аласыз немесе тіркеу орнында мобильді бригаданы шақыруды ресімдей аласыз.
Сіз суық тиюден, тамақ ауруынан айыққаннан кейін 2 аптадан кейін вакцинациялауға болады; өршу сатысында созылмалы аурулар болған кезде-ремиссия басталғанға дейін. Егер қарсы көрсетілімдер болса, сіз вакцинация жасай алмайсыз.
Вакцинация алдында сізге психологиялық оң көзқарас пен вакцинаның тиімділігіне сенімділік қажет. Вакцинаның төзімділігі дененің қорғаныс күштеріне (иммунитетке)байланысты жеке өтеді
Жоқ, мүмкін емес.
Толығырақ ақпарат алу үшін сіз осы мақаланы оқи аласыз https://www.dw.com/ru/privivka-ot-kovida-vakcinacija-dvumja-preparatami-jeffektivna/a-57842729
ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу медициналық ұйымның немесе КСЭК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі.
ПТР әдісімен тестілеуге жатады:
1.1.Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша:
1) COVID-19 бар провизорлық және инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;
3) COVID-19 науқасымен тығыз байланыста болған адамдар;
4) респираторлық белгілері және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері.
1.2. Профилактикалық мақсатта:
1) Қазақстанға шетелден, Мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы темір жол, теңіз, өзен көлігі және автоөткізгіштер арқылы келетін азаматтар;
2) шетелден авиарейспен келетін адамдар;
3)құрама пункттерде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімдерге келгеннен кейін жас толықтыру.
1.3. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында:
1) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
2) шұғыл емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
3) жүкті және жаңа туған нәрестелер;
4) гемодиализдегі пациенттер;
5) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
6) медициналық-әлеуметтік мекемелерге қайта түсетін адамдар ресімдеу кезінде бір рет
7) бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі .
ПТР тестін Филлмал бойынша тапсыруға болады: Қабанбай батыр 48/1, Сауран 42/1, Қабанбай батыр 105/1, Түркістан 20
Филлиал бойынша жүкті әйелдер үшін Манғилик 29/1 жеді
ПТР сынағы үшін жазба қажет пе?
Жауап: ПТР тестін тапсыру үшін алдын-ала жазылудың қажеті жоқ, талдауды кезек-кезек тапсырыңыз.
Скрининг – аурулардың қауіп факторлары мен ауруларды ерте кезеңдерде анықтау мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеру.
Скринингтік тексерулер кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде аумақтық тіркелген жері бойынша емханаларда толық көлемде тегін жүргізіледі.
Ересек тұрғындарға жүргізілетін скринингтік тексерулер төмендегі ауруларды ерте анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған:
1) қанайналым жүйесінің негізгі аурулары – артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы;
2) ерлер мен әйелдер арасындағы қант диабеті;
3) әйелдер арасындағы жатыр мойнының обыралды аурулары мен қатерлі ісіктері;
4) әйелдер арасындағы сүт безінің обыралды аурулары мен қатерлі ісіктері;
5) ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома;
6) ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ ішек пен тік ішектің обыралды аурулары және қатерлі ісіктері;
7) өңештің, асқазанның, бауырдың және қуықасты безінің қатерлі ісіктері;
8) В және С созылмалы вирустық гепатиттері.
Қанайналым жүйесі аурулары мен қант диабетін ерте диагностикалау мақсатында 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62 және 64 жастағы адамдар профилактикалық тексеруден өтуі қажет.
Төмендегі зерттеулер жүргізіледі:
- антропометриялық өлшемдерді анықтау (салмағы, бойы, бел шеңбері);
- терапевттің немесе жалпы практика дәрігерінің (ЖПД) тексеруі;
- скринингтік тест бойынша сауалнама жүргізу;
- қандағы жалпы холестерин мен глюкозаны жедел анықтау;
- электрокардиография (ЭКГ).
Емханада «Артериялық гипертония мектебі», «Қант диабеті мектебі» және «Бронх демікпесі мектебі» жұмыс істейді.
Глаукоманы ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы адамдарға.
Көз ішілік қысым өлшенеді.
Сүт безінің обыралды аурулары мен қатерлі ісіктерін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдерге.
- маммография жүргізіледі.
Жатыр мойнының обыралды аурулары мен қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жастағы әйелдерге.
- цитологиялық зерттеу жүргізіледі.
Тоқ ішек пен тік ішектің обыралды аурулары мен қатерлі ісіктерін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы адамдарға.
- жасырын қанға тест жүргізіледі.
Өңеш пен асқазан обырын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы адамдарға.
Қуықасты безінің обырын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
50, 54, 58, 62 және 66 жастағы ер адамдарға.
Бауыр обырын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізу:
Бауыр циррозына байланысты диспансерлік есепте тұрған науқастарға.
ҚҰРМЕТТІ ӘЙЕЛДЕР!
Жүкті әйелдерге төмендегі тексерулер мен қан алу тегін жүргізіледі:
- құрсақішілік инфекцияларға;
- ұрықтың туа біткен даму ақауларына;
- жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ-ға (ЖИТС);
- ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ).
Жүктілік кезінде жүктіліктің асқынуларының алдын алу және оларды уақтылы түзету мақсатында акушер-гинекологқа белгіленген мерзімдерде барып тұруыңыз қажет.
Емханада отбасы мүшелерінің қатысуымен өтетін «Жүкті әйелдерді босануға дайындау мектебінде» сабақтар тегін өткізіледі.
Отбасын жоспарлау және контрацепция әдісін таңдау бойынша кеңес беру тегін әрі құпия түрде жүргізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Медицина қызметкерлері 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық медициналық тексеруді тегін жүргізеді. Тексеру мыналарды қамтиды:
- дәрігерлердің тексеруі: педиатр, жасөспірімдер дәрігері, жалпы практика дәрігері, хирург, оториноларинголог, невропатолог, стоматолог, эндокринолог және гинеколог;
- зертханалық зерттеулер: жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, гельминт жұмыртқаларына нәжіс талдауы (барлық жастағы балаларға), қан тобы мен резус-факторды анықтау, ЭКГ (15 жаста), флюорография.
Рахит пен асқазан-ішек инфекцияларының алдын алу, сондай-ақ туғаннан 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық жағдайда емдеу мақсатында дәрігердің рецепті бойынша мынадай аурулар кезінде дәрілік заттар тегін беріледі: обструктивті бронхит, жіті респираторлық ауру, жіті фарингит (тонзиллит), жіті бронхит, гипофизарлық нанизм, жыныстық жетілудің мерзімінен бұрын басталуы, фенилкетонурия, гипотиреоз, эпилепсия, миастения, церебралдық сал ауруы, гемофилия, отит, стоматит, энтеробиоз, темір тапшылығы анемиясы және жіті ішек инфекциялары.
1 жасқа дейінгі балалар медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер бойынша абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер болған жағдайда тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сәйкес:
«Кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және арнайы емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы».
1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды тамақтандыруға ауыстыру үшін:
- әлеуметтік факторлар: балаларды асырап алу;
- емізетін ананың денсаулық жағдайы: АИТВ-инфекциясы, туберкулездің белсенді түрі;
- галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі шәрбаты ауруы».
1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды немесе аралас тамақтандыруға ауыстыру үшін:
- әлеуметтік факторлар: көпұрықты жүктіліктен туған балалар, аналары күндізгі оқу нысанында білім алатын оқу орындарының студенттері болып табылатын балалар, аналардың стационарлық ем қабылдауы.
- емізетін ананың денсаулық жағдайы: қан және қан түзу жүйесінің ауыр аурулары, қатерлі онкологиялық аурулар, жіті психикалық аурулар (психоздар немесе босанғаннан кейінгі ауыр депрессия), бүйрек жеткіліксіздігімен асқынған бүйректің ауыр аурулары, жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен қатар жүретін жүрек аурулары, ананың іріңді-септикалық аурулары, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері, гипогалактияның бастапқы түрлері.
Диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерге мынадай аурулар кезінде дәрігердің рецепті бойынша дәрілік заттар тегін беріледі: темір тапшылығы анемиясы, асқазан-ішек жолдарының аурулары (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы), бронх демікпесі, созылмалы бронхит, пневмония және гемофилия.
Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар ересектердің жекелеген санаттарына дәрігердің рецепті бойынша төмендегі аурулар кезінде дәрілік заттар тегін беріледі: онкологиялық аурулар, психикалық аурулар, эпилепсия, бронх демікпесі, туберкулез, қант диабеті және қантсыз диабет, Паркинсон ауруы, гемофилия, миастения, гипотиреоз, ревматоидты артрит және дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, шашыраңқы склероз (ауруы ремиссиямен өтетін науқастарға), үдемелі гломерулярлық аурулар, акромегалия, гипофиздің гормондық ісіктері, жүрек қақпақшалары протезделген науқастар, спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруы, гипопаратиреоз, тиреотоксикоз, гипотиреоз, гепатоцеребралдық дистрофия, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, пневмония, ойық жара ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және аритмиялар.
ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ!
Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алу оңай екені баршаға белгілі. Әсіресе, бұл гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және басқа да бірқатар ауыр жұқпалы ауруларға қатысты. Осы аурулардың алдын алу мақсатында бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да профилактикалық вакцинация жүргізіледі.
Қазақстанда балаларға қандай екпелер жасалады? Балаларға вакцинация қай жаста жүргізіледі? Жаңа туған нәрестелер перзентханада қандай екпелер алады? Баланы вакцинацияға қалай дұрыс дайындау керек? Вакцинадан кейін қандай реакциялар болуы мүмкін? Бұл сұрақтар Қазақстандағы барлық ата-аналарды толғандырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес, балаларға жоспарлы профилактикалық екпелер Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық міндетті екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады.
Екпе салдыруға рұқсатты қалай алуға болады?
Екпе күндерінің кестесін «Жұмыс кестелері» бөлімінен көре аласыз.

1.Қабылдауға +7 (771) 949-97-27 бірыңғай колл-орталығы арқылы немесе Damumed қосымшасы арқылы жазылады (https://play.google.com/store/apps/details?id=ab.damumed&hl=ru&gl=US) (https://apps.apple.com/us/app/damumed/id1238801709) өзінің учаскелік дәрігеріне.
2.Белгіленген күн мен уақытта кездесуге келіңіз.
3.Жалпы тәжірибе дәрігерінің қорытындысынан кейін жолдама алыңыз.
1. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-бабының 123) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан, медициналық ұйымдардағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызмет тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан, медициналық ұйымда құрылатын комиссия;
2) уақытша еңбекке жарамсыздық – ауруға немесе жарақатқа байланысты адам организмінің жай-күйі, бұл кезде организм функцияларының бұзылуы еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге немесе мүгедектікті белгілеуге қажетті уақыт ішінде кәсіби еңбек қызметін орындау мүмкіндігінің болмауымен қатар жүреді;
3) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – уақытша еңбекке жарамсыздықты растайтын және жұмыстан уақытша босатылуға, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға құқық беретін құжат;
4) уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама – еңбекке жарамсыздық фактісін растайтын және жәрдемақы алмай, жұмыстан (оқудан) босатуға негіз болатын құжат;
5) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау – жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тануға және ауру кезеңінде оны еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрі;
6) жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
7) куәландырылатын адам – медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін адам;
8) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын анықтау және есепке алу арқылы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
9) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін белгіленген тәртіппен айқындау;
10) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі – МӘС бөлімі) – МӘС жүргізетін аумақтық бөлімшенің бөлімі;
11) мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды оңалтудың нақты көлемін, түрлерін және мерзімдерін айқындайтын құжат;
12) тіршілік-тынысының шектелуі – адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетін немесе мүмкіндігін толық не ішінара жоғалтуы.
3. ДКК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
4. ДКК медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылады. ДКК құрамы, мүшелерінің саны (кемінде үш дәрігер), жұмыс тәртібі мен жұмыс кестесі медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
ДКК құрамына төраға, комиссия мүшелері және хатшы кіреді.
ДКК құрамы немесе жұмыс тәртібі өзгерген жағдайда тиісті бұйрыққа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
5. ДКК мүшелері болып медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәрігер-мамандар (оның ішінде психолог, кәсіптік патология дәрігері, штатта болған жағдайда клиникалық фармаколог дәрігер) табылады.
ДКК жұмысына басқа медициналық ұйымдардың мамандары, жоғары оқу орындарының кафедра қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері де тартылады.
6. ДКК төрағасы болып медициналық ұйым басшысының орынбасарларының бірі тағайындалады.
7. ДКК төрағасы:
1) ДКК қызметіне басшылық жасайды;
2) дәрігерлердің уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау мәселелері және тіршілік-тынысының шектелу өлшемшарттары туралы ережелерді зерделеуін қамтамасыз етеді;
3) дәрігерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
4) уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтар мен анықтамалардың дұрыс рәсімделуін бақылайды;
5) ДКК жұмысының ұйымдастырылуын, қабылданатын шешімдер мен берілетін қорытындылардың сараптамалық негізділігін қамтамасыз етеді;
6) жұмыс қорытындылары бойынша (тоқсан сайын, жыл сайын) медициналық ұйым басшысына ДКК қызметі туралы есеп береді.
8. ДКК хатшысы болып жоғары немесе орта медициналық білімі бар, біліктілік санаты берілген маман сертификатына ие медициналық қызметкер тағайындалады. Сертификат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 «Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5884 болып тіркелген).
9. ДКК хатшысы:
1) ДКК жұмысын ұйымдастыруға байланысты материалдарды дайындайды;
2) ДКК мүшелері мен пациенттерге ДКК отырыстарының күні мен уақыты туралы хабарлайды;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген медициналық құжаттаманы толтырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген; бұдан әрі – № 907 бұйрық);
4) ДКК шешімдерін хаттамамен рәсімдейді және есептер жасайды.
10. ДКК отырыстары медициналық ұйым басшысы бекіткен жоспар-кестелер негізінде аптасына кемінде бір рет өткізіледі.
Жоспардан тыс ДКК отырыстары ДКК төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
11. ДКК пациентті медициналық тексеруден өткізгеннен, оның медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін, жүргізілген емдеу мен медициналық оңалтудың нәтижелерін, еңбек жағдайлары мен сипатын және кәсібін зерделегеннен кейін шешім қабылдайды.
ДКК шешімі комиссия мүшелерінің көпшілігі оны қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі.
12. ДКК шешімі отырыс хаттамасымен рәсімделеді. Хаттамада медициналық ұйымның атауы, отырыстың өткізілген күні, қатысқан ДКК мүшелерінің тізімі, қаралған мәселелердің тізбесі, қабылданған шешім және оның негіздемесі көрсетіледі.
13. ДКК шешімі № 907 бұйрықпен бекітілген мынадай бастапқы медициналық құжаттама нысандарына енгізіледі: 025-у нысаны, 025-5/у нысаны, 026-у нысаны, 026-1/у нысаны, 026-2/у нысаны, 030-1/у нысаны, 030-2/у нысаны, 035-у нысаны, 035-1/у нысаны, 043-у нысаны, 081-у нысаны, 111-у нысаны, 112-у нысаны, ТБ-01 нысаны. Шешімге ДКК төрағасы мен мүшелері қол қояды.
ДКК қорытындыларын тіркеу журналына енгізілетін нөмір мен күн пациенттің медициналық құжаттарында көрсетілген ДКК қорытындысының нөмірі мен күніне сәйкес келуі тиіс.
14. Медициналық ұйымның басшысы ДКК жұмысының ұйымдастырылуын, берілетін қорытындылардың уақтылығын, негізділігін және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
15. ДКК міндеттері:
1) ДКК қарауына ұсынылған пациенттерге көрсетілген медициналық көмектің сапасын бағалау;
2) ДКК-ға жіберілген пациенттерге жүргізілетін емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларының диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, операциялық рәсімдер стандарттарына және денсаулық сақтау саласындағы медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестігін бақылау;
3) ұзақ уақыт бойы ауыратын (екі айдан астам) пациенттерге жүргізілетін емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларының диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, операциялық рәсімдер стандарттарына және денсаулық сақтау саласындағы медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестігін бақылау;
4) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің орындалуын бақылау;
5) пациенттерді МӘС-ке уақтылы және негізді түрде жіберу;
6) пациенттерді МӘС-ке жіберу кезінде медициналық құжаттаманың, оның ішінде ОЖБ медициналық бөлігінің рәсімделу мерзімдері мен сапасын бақылау;
7) ДКК-ға жіберілген пациенттердің денсаулық жағдайын бағалау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДКК қорытындысын шығару;
8) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауға қатысты күрделі және даулы мәселелерді шешу;
9) уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтар мен анықтамаларды беру мен ұзарту тәртібін бақылау;
10) МӘС-ке негізсіз жіберу жағдайларын талдау және ДКК қызметін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
11) ДКК құзыретіне жататын мәселелер бойынша аумақтық МӘС бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау.
16. ДКК функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 «Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген);
2) басқа елді мекенде жүрген адамдарға (тұрақты тұратын жерінен тыс жерде жүргендерге) және шетел азаматтарына уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын беруге рұқсат беру;
3) шетелде болған кезінде ауруға шалдыққан немесе жарақат алған Қазақстан Республикасы азаматтарына уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын беруге рұқсат беру;
4) пациентті ЖММК көрсетуге, адам ағзалары мен тіндерін трансплантаттауға (ауыстырып салуға) жіберу мәселелері бойынша шешім қабылдау;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес пациенттерді МӘС-ке жіберу және МӘС-ке жіберу мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша шешім қабылдау. Бұл ретте емдеу барысында жоғары технологиялық аз инвазивті араласулар қолданылған адамдар да ескеріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 «Кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және арнайы емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қымбат әрі ұзақ ем қабылдау кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті айқындау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген; бұдан әрі – № 786 бұйрық);
7) диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және арнайы емдік өнімдермен тегін қамтамасыз етудің негізділігін бақылау, мониторингтеу және тиімділігін бағалау, сондай-ақ № 786 бұйрыққа сәйкес кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде тегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шешім қабылдау.
17. ДКК № 907 бұйрықпен бекітілген 035-1/у нысаны бойынша мынадай медициналық қорытындылар береді:
1) пациенттің денсаулық жағдайы туралы, оның ішінде қосымша көмек түрлері мен күтімге қажеттілігін айқындай отырып;
2) қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін оның денсаулық жағдайы туралы;
3) өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан пациент денсаулығына келтірілген зақымдардың болуы, сондай-ақ кәсіптік ауру анықталған жағдайда олардың ауырлық дәрежесі туралы;
4) санаторийлік-курорттық емдеуге көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы;
5) стационарлық емдеуден кейін қосымша емделуге (оңалтуға), оның ішінде мамандандырылған санаторийлерге (бөлімшелерге) жіберу туралы;
6) медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті жасанды үзуге жіберу туралы;
7) жұмысқа орналасу кезінде азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері туралы;
8) қаруды сатып алу, сақтау және алып жүру құқығына лицензия алу үшін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері туралы;
9) бала асырап алғысы келетін немесе қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері туралы;
10) 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу туралы;
11) жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектептердің, колледждердің (техникумдардың), кәсіптік-техникалық училищелердің оқушыларына денсаулық жағдайына байланысты академиялық демалыс беру, ауыстыру және бітіру емтихандарынан босату, дене жүктемесін шектеу, басқа факультетке немесе басқа оқу орнына ауыстыру туралы;
12) баланың үйде оқуы мәселесін шешу үшін оның денсаулық жағдайы туралы;
13) денсаулық жағдайына байланысты үйде оқыған түлектерді, ұзақ уақыт емделуді қажет ететін және балаларға арналған емдеу-профилактикалық және (немесе) сауықтыру білім беру ұйымдарында немесе санаторий үлгісіндегі мекемелерде болған балаларды, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды мемлекеттік (қорытынды) аттестаттаудан өткізу мәселесін шешу үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы;
14) мектептердің, колледждердің (техникумдардың), кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерін дене шынықтыру сабақтарынан босату үшін олардың денсаулық жағдайы туралы;
15) ЖММК көрсететін медициналық ұйымдарда консультация алу және (немесе) емделу үшін ауруханаға жатқызу, сондай-ақ шетелде емделу мәселелерін шешу мақсатында пациентті облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы комиссияларға жіберу туралы;
16) адамдардың тіс протездерін қоспағанда, протездермен және протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілу қажеттілігі туралы;
17) консультация алу, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыру) қажеттілігін анықтау, ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін қалыптастыру немесе түзету мақсатында МӘС-ке жіберу жағдайларында.
18. ДКК қорытындыларының қолданылу мерзімдері осы Ережеге қосымшаға сәйкес айқындалады.
Бірыңғай байланыс орталығы немесе Damumed қосымшасы арқылы өз учаскелік дәрігеріңіздің қабылдауына жазылыңыз.
Белгіленген күні және уақытта қабылдауға келіңіз.
Учаскелік дәрігер сізді ДКК-дан өту үшін Тұран көшесі, 46/2 мекенжайындағы бас ғимараттың 209-кабинетіне жібереді.
Сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін.
Дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өткеннен кейін 026у нысанындағы анықтаманы алыңыз.
Зерттеу нәтижелерінің барынша дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін алдағы зертханалық зерттеуге дайындалудың белгіленген ережелерін қатаң сақтау қажет.
ЗӘР ТАЛДАУЫН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Зерттеу нәтижелерінің сенімді болуы үшін дәріханадан зәр жинауға арналған арнайы контейнер сатып алу қажет.
Әйелдерге етеккір кезінде зәр талдауын тапсыру ұсынылмайды.
ІШЕК ДИСБИОЗЫНА НӘЖІС ТАЛДАУЫН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ
УДЗ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ
Дұрыс дайындық кезінде тіндердің көрінісі анық болып, зерттеу сапасы едәуір артады.
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ-сы
Зерттеуге дейін 2–3 күн бұрын қалдықтары аз диетаға көшу және ішекте газ түзілуін күшейтетін өнімдерді (шикі көкөністер, өсімдік талшықтарына бай тағамдар, толық сүт, қара нан, бұршақ тұқымдастар, газдалған сусындар, сондай-ақ жоғары калориялы кондитерлік өнімдер — пирожныйлар мен торттар) рационнан алып тастау ұсынылады.
Осы кезеңде метеоризмді азайтуға көмектесетін ферменттік препараттар мен энтеросорбенттерді (мысалы, Фестал, Мезим-форте, белсендірілген көмір немесе Эспумизан — күніне 3 рет 1 таблеткадан) қабылдаған жөн.
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ-сын аш қарынға жасау қажет. Егер зерттеуді таңертең өткізу мүмкін болмаса, жеңіл таңғы ас ішуге рұқсат етіледі.
Зерттеуге дейін темекі шегу ұсынылмайды.
Егер дәрілік препараттар қабылдап жүрсеңіз, бұл туралы УДЗ дәрігеріне хабарлаңыз.
Гастроскопия мен колоноскопиядан кейін бірден зерттеу жүргізуге болмайды.
Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-сы
Әйелдерде кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-сы екі әдіспен жүргізіледі:
Трансабдоминалды әдіс — қуық толық болуы керек. Сондықтан зерттеуге дейін 3–4 сағат бойы зәр шығармау және процедурадан 1 сағат бұрын 1 литр газдалмаған сұйықтық ішу қажет. Зерттеу қарсаңында тазарту клизмасын жасау керек.
Трансвагиналды әдіс — зерттеуге арнайы дайындық қажет емес. Бұл жағдайда қуықтың толып тұруы зерттеуге кедергі келтіретіндіктен, процедура алдында қуықты босату қажет. Бұл әдіс жүктіліктің ерте мерзімдерін анықтау үшін де қолданылады.
Қуықасты безінің УДЗ-сы
Қуықасты безінің УДЗ-сы екі әдіспен жүргізіледі:
Трансабдоминалды әдіс — зерттеу қуық толық болған кезде жүргізіледі. Сондықтан зерттеуге дейін 3–4 сағат бойы зәр шығармау және процедурадан 1 сағат бұрын 1 литр газдалмаған сұйықтық ішу қажет.
Трансректалды әдіс (ТРУЗИ) — қуықасты безін зерттеудің негізгі әдісі болуы тиіс. ТРУЗИ кезінде қуықты толтыру қажет емес. Зерттеу қарсаңында тазарту клизмасын жасау керек.
Қуықтың УДЗ-сы
Ерлер мен әйелдерде зерттеу қуық толық болған кезде жүргізіледі. Сондықтан зерттеуге дейін 3–4 сағат бойы зәр шығармау және процедурадан 1 сағат бұрын 1 литр газдалмаған сұйықтық ішу қажет.
Сүт бездерінің УДЗ-сы
Сүт бездерін зерттеуді етеккір циклінің алғашқы 10 күнінде жүргізген жөн.
Қалқанша безінің УДЗ-сы
Зерттеуге арнайы дайындық қажет емес.
Бүйректің УДЗ-сы
Зерттеуге арнайы дайындық қажет емес.
КОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ
Колоноскопияға дайындық зерттеуге дейін 2–3 күн бұрын қалдықтары аз диетаны сақтаудан басталады. Бұл кезеңде төмендегі өнімдерді тұтынуға болмайды:
- көкөністер (картоптан басқа), жаңа піскен және кептірілген жемістер мен жидектер, сондай-ақ олардан дайындалған тағамдар, барлық көк шөптер (аскөк, ақжелкен, салат жапырақтары және т.б.);
- дәндері бар барлық өнімдер (тұтас дәндер, кебек, ұнтақталған дәндер қосылған өнімдер, жаңғақтар, көкнәр, кокос жаңқасы және т.б.).
Ұсынылатын диета: тауық еті, сиыр еті, бұзау еті (котлет немесе фрикаделька түрінде болғаны жөн); майы аз балық, қабығы аршылған картоптан жасалған тағамдар, жұмыртқа, қоспасыз ақ нан, макарон өнімдері, манная және сұлы ботқалары, ірімшік, сары май, сүзбе, қоспасыз йогурттар, ақ ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, шоколад, балмұздақ, тәттілер (қант, бал, зефир және т.б.). Егер сұйықтықты көп ішуге қарсы көрсетілімдері бар ауруларыңыз болмаса, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады (1,5–2,0 литр). Газдалмаған су, мөлдір шырындар, майы аз сорпалар, бал немесе қант қосылған шай және басқа да мөлдір сұйықтықтарды ішуге болады.
Егер іш қатудан зардап шегетін болсаңыз, дәрігер тағайындаған іш жүргізетін препараттарды күн сайын қабылдау қажет.
Зерттеу алдындағы күн
Таңертең: жеңіл таңғы ас (манная немесе сұлы ботқасы, йогурт, ақ нан, ірімшік, сары май, сүзбе, қоспасыз ақ ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, шоколад, балмұздақ және т.б.). Күн ішінде сағат 16:00–17:00-ге дейін кемінде 1,5 литр мөлдір сұйықтық ішу ұсынылады.
Таңғы астан кейін зерттеу аяқталғанға дейін қатты тағам жеуге болмайды. Мөлдір сұйықтықтарды (мысалы, шай, сорпа, мөлдір шырындар) ішуге болады.
Түскі ас: сағат 15:00-ден кешіктірмей ақ нанның кішкене бөлігі қосылған сорпа ішуге болады.
Зерттеу алдындағы күні сағат 17:00-ден бастап ішекті тазартуға арналған препараттарды қабылдау басталады.
Фортранс препаратымен дайындық.
Егер колоноскопия сағат 10:00–14:00 аралығында жоспарланса, екі кезеңді дайындық сызбасы қолайлы.
- Зерттеуге дейінгі күні таңғы асқа рұқсат етілген өнімдерді жеуге болады. Сол күні сағат 13:00-ге дейін рұқсат етілген өнімдерден жеңіл түскі ас ішуге болады. Кешкі асқа тек рұқсат етілген сұйықтықтарды ішу керек.
- Сағат 20:00–21:00 аралығында Фортранс препараты ерітіндісінің бірінші литрін ішу қажет.
- Колоноскопия жасалатын күні таңғы сағат 6:00–7:00 аралығында препарат ерітіндісінің екінші литрін ішу қажет.
- Препараттың әрбір литрінен кейін қосымша 500 мл рұқсат етілген сұйықтық ішуді ұмытпаңыз.
Ескерту: препаратты қабылдауды бастаған сәттен бастап зерттеу аяқталғанға дейін қатты тағам жеуге болмайды.
Егер колоноскопия сағат 14:00–19:00 аралығында жоспарланса, таңертеңгі бір кезеңді дайындық сызбасы қолайлы:
- Зерттеуге дейінгі күні таңғы және түскі асқа рұқсат етілген өнімдерді жеуге болады.
- Сағат 18:00-ге дейін рұқсат етілген өнімдерден жеңіл кешкі ас ішуге болады.
- Колоноскопия жасалатын күні тек рұқсат етілген сұйықтықтарды ішуге болады. Таңғы сағат 8:00–9:00 аралығында препарат ерітіндісінің бірінші литрін, ал сағат 10:00–11:00 аралығында екінші литрін ішу қажет.
- Препарат ерітіндісінің әрбір литрінен кейін қосымша 500 мл рұқсат етілген сұйықтық ішуді ұмытпаңыз.
Жалпы ұсыныстар:
Препарат ерітіндісін әр 15 минут сайын 250 мл-ден бөліп ішіңіз. Дайындалған ерітіндіні тоңазытқышта сақтаңыз. Қажет болған жағдайда препаратты қабылдау уақытын көрсетілген аралықтарды сақтай отырып өзгертуге болады.
Созылмалы іш қату кезінде диетаны колоноскопияға дейін 5 күн бұрын бастаған жөн. Осы кезеңде әдеттегі іш жүргізетін препараттарды қабылдауды жалғастыру қажет. Егер іш қату 6–10 күнге созылса, іш жүргізетін препараттың дозасын екі есе арттыру қажет.
Маңызды: препаратты қабылдауды процедура басталғанға дейін кемінде 3 сағат бұрын тоқтату қажет.
ТОҚ ІШЕКТІҢ САПАЛЫ ДАЙЫНДАЛУЫ ЗЕРТТЕУДІҢ СӘТТІ ӨТУІ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖӘНЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТ ЕКЕНІН ҰМЫТПАҢЫЗ.
МӘМС -те күйіңізді тексеріңіз
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексерудің бірнеше әдісі бар.

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасыол үшін мәзірде "сақтандыру мәртебесін тексеру" бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдер туралы ақпарат пайда болады.
Сіз қосымшаны PlayMarket және AppStore дүкендерінен жүктей аласыз.

Телеграмм-бот @saqtandyrybot
Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, содан кейін - "сақтандыру мәртебесін анықтау" бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз.

Электрондық үкімет порталы Egov.kz.
Ол үшін "Денсаулық сақтау" бөлімінде "медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" қызметін табу, "қызметке тапсырыс беру" батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты
Күйді анықтау қалқымалы терезесі оң жақта орналасқан. Оны нұқып, ЖСН көрсету жеткілікті.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайты
"Құжаттар" бөлімінде Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің тізбесі көрсетілген
Пайдалы құжаттар
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы Өзін-өзі реттеу туралы
Кәсіпкерлік Кодексі Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 11 наурыздағы № 81 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 143 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 наурызда № 18435 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 427 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 428 бұйрығы
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, фармацевтикалық қызметтер жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы